Былтыр Қазақстанда қанша сауда орталығы салынды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 12 айында Қазақстанда жалпы сомасы 16,1 млрд теңге болатын 19 ойын-сауық сауда орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пайдалануға берілген нақты алаң көлемі - 109,1 шаршы метр.

2021 жылмен салыстырсақ, ол кезде 8 сауда орталығы тұрғызылған болатын.

Сауда нысандары Қазақстанның 10 өңірінде пайда болды.

Ойын-сауық сауда орталықтарының ең көбі Қызылорда (6) және Атырау (3) облыстарында салынды.

Еліміздің қалған өңірлерінде 1-2 нысан тапсырылды.

Сондай-ақ 12 айдың ішінде 6 жабық базар мен павильон қолданысқа берілді.


Соңғы жаңалықтар