Былтыр Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құжат елге әкелінген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылыми-реставрациялық жұмыстар мен археологиялық зерттеулердің үздіксіз жүргізілуінің арқасында музей қорлары тұрақты түрде жаңа экспонаттармен толығып келеді. Мысалы, былтырдың өзінде 18 археологиялық зерттеу жасалған, 30-ға жуық ескерткіш қайта жөнделді. Оған қоса, архившілер тарихи құжаттарды түгендеу мақсатымен өткен жылы елімізге 7 мыңнан астам құжатты шет елдерден әкелді. Ол құжаттарда арғы-бергі тарихымыздан сыр шертетін құнды деректер жеткілікті екені анық», - деп тоқталды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.


Соңғы жаңалықтар