Былтыр Қапшағайға 400 мыңға жуық турист келген

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында туризм саласы дамып келеді. Былтыр көлге келген демалушылардың саны 400 мыңға жуықтаған. Оларға көрсетілген  қызмет нәтижесінде бюджетке 440 млн. теңге көлемінде салық түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Бүгінде жасанды көл жағалауында 146 туристік  демалыс орны қызмет көрсетеді. 2017 жылы 5 жаңа нысан іске қосылған.  Тартылған инвестиция көлемі 542 млн теңгеге жетіп, 100 адам жұмыспен қамтылған.

Қапшағай қаласында туризм саласы негізгі бағыттың бірі болғандықтан, оны дамытуға баса назар аударылуда. Туристерді көптеп тарту үшін былтыр   жағажайдың 15 гектар жерін абаттандыру жұмыстары басталған болатын. Демалыс аймағында 13 қызмет көрсету орны ашылып, 65 адам жұмысқа орналасқан.  

Сондай-ақ  жағажайдағы футбол және волейбол орталығының құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны 64 млн. теңге. Ал биыл демалушылардың санын 700 мыңға жеткізу жоспарлануда.  Бұл жөнінде Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков мәлім етті.

Айта кету керек, бүгін Қапшағайда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өңір басшысының көшпелі отырысы өтті. Жиында қала әкімі Т.Қайнарбеков 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдында жоспарларымен бөлісті.
null 

Соңғы жаңалықтар