Былтыр еңбек қауіпсіздігін сақтамау бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 192 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік тарапынан қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға азайды. 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің кәсіпорындарында 187 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан және Қызылорда облыстарында сақталуда», - деді Төлеген Оспанқұлов.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігін сақтамаған кәсіпорындардың 119 жауапты қыметкері лауазымынан босатылған. Ал құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 1 094 материал жіберіліп, 192 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, брифингі барысында комитет төрағасы еліміздегі 73 кәсіпорынның жұмыскерлерге төлемеген 1,4 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін айтты.

Мұнымен қатар, жыл басынан 1 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы орта есеппен 12%-ға өскен.


Соңғы жаңалықтар