Былтыр еліміздің соттары 175 заңды тұлғаны жалған кәсіпорын деп таныды - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Былтыр еліміздің соттары 175 заңды тұлғаны жалған кәсіпорын деп таныды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау барысында мәлім болды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, былтыр соттар 175 заңды тұлғаны жалған кәсіпорын деп таныған. Салық органдары осындай жалған кәсіпорындар жазып берген шот-фактуралар бойынша мәмілелелердің шығыстарына жатқызу есебінен өздерінің салықтық міндеттемелерін азайтқан 2 887 контрагентті анықтаған. Нәтижесінде бюджетке түспеген салық сомасы 63 млрд. теңгені құрады.

«Парламент қабырғасында бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде депутаттар дебиторлық және кредиторлық берешектің жыл сайын өсіп отырғаны туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Мәселен, былтыр дебиторлық берешек 94,8 млрд. теңгені, ал кредиторлық берешек 36 млрд. теңгені құрады. Яғни, есепті кезеңде кредиторлық берешек 2011 жылмен салыстырғанда он млрд. теңгеге ұлғайған», делінген қорытынды жазбада.

Соңғы жаңалықтар