Былтыр электрондық форматтағы әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар 6 млн-нан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстық істердің 45 пайызы электрондық форматта тергеліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстық істердің 45%-ы электрондық форматта тергелуде. 2020 жылы соттылықтың болуы не болмауы жайлы 3 млн-нан астам анықтама, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы 483 мыңға жуық мәлімет, сондай-ақ 2 мыңнан аса мұрағаттық анықтамалар берілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде айыппұлдарды өндіріп алу 68 пайызды құрады, мемлекет бюджетіне айыппұл төлеуден 54 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Электрондық форматта ресімделетін әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың саны 6 млн-нан астам немесе жалпы санының 85 пайызы болып табылады», - делінген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінде.

Өткен жылы Комитет және оның аумақтық органдарының прокурорлары 403 заңсыз тексерудің жолын кесті, оның ішінде шағын бизнесті тексеруге мораторий аясында бақылаушы органдарға 89 тексеруді тіркеуден бас тартылды.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік органдарда «Электрондық өтініштер» ақпараттық жүйесін енгізу жүзеге асырылып жатыр», - деп аталып өткен комитет ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар