Былтыр ел жолдарында орын алған 14 мыңға жуық жол апатында 3 мыңға тарта адам қаза болды - ІІМ

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Былтыр елімізде 14 мыңға тарта жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олардың салдарынан 3 мыңға тарта адам қаза болған.

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, жол жүрісінің жоғарғы сапасы мен қауіпсіздігі еліміздің тұрақты дамуының маңызды шарты болып табылады. Соған орай, қазіргі уақытта елімізде автомобиль паркінің қарқынды өсуі жолдардың нашарлауына, көлік оқиғалары санының күрт артуына әкеп соқтырып жатыр.

«Соңғы бес жылда көлік құралдарының саны күрт өсіп, олардың саны 4 миллион бірлік шамасында болып отыр. Автомобильдің жол желілеріне түсетін ауырлық жолаушылар мен жүктерді жеткізудің сенімділігін төмендетіп, жол көлік оқиғалар көрсеткішін арттырып отыр. Тек былтырғы жылдың өзінде ғана республикамызда 14 мыңнан астам жол көлік оқиғасы тіркеліп, онда 3 мың адам қайтыс болды. 17 мыңға тарта адам жарақат алды», - деді ішкі істер министрі.

Соңғы жаңалықтар