Былтыр балалар арасында суицидтің 155 фактісі тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы балаларға қатысты жыныстық сипаттағы 719 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы балаларға қатысты 2 005 қылмыс жасалған. Оның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстар саны – 719. Бұған қоса, балалар арасында жасалған суицидтің 155 жағдайы тіркелді», - делінген құжатта.

Сонымен қатар өткен жылы министрлік республика бойынша балалардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізген.

Оның нәтижесінде бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің әл-ауқат деңгейі орта есеппен 55,3 бал болды.

Әсіресе, Қостанай (49,7 балл), Батыс Қазақстан (47,4 балл) және Ақмола (43,8 балл) облыстары балалар үшін әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз өңірлер деп танылды.


Соңғы жаңалықтар