Былтыр Атырауда 50-ге жуық жасөспірім жоғалып кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Былтыр Атырау қаласында 50-ге жуық жасөспірім жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Азамат Қарамұратовтың айтуынша, жасөспірімдердің жоғалуының басты себебі – ата-анасын хабардар етпей кетіп қалуы.

«Жаспірімдердің көпшілігі ата-анасымен келісе алмаудың себебінен жоғалады. Енді бірі ата-анасынан көз жазып қалады. Былтыр Атырау қалалық полиция басқармасының «102» арнасына жасөспірімдердің үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы 46 арыз түсті. Полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімнің бәрін тауып, отбасымен қауыштырды. Кәмелетке толмағандардың арасында үнемі жоғалатын жасөспірімдер бар. Мәселен, бір жасөспірім үйінен 3 рет кетіп, қайта оралғысы келмеген. Қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды», - дейді Азамат Қарамұратов.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай режимі кезінде 46 адам әкімшілік қамауға алынғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар