Былтыр арақ-шарап сатылымы 2 есе артқан

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокурор Берік Асылов заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында түнде арақ-шарап сатуға салынған тыйымның пайдасы аз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар арасындағы қылмыс пен олардың құқығына қол сұғу проблемасы өзекті болып тұр. Тұрмыстық кикілжің себебінен туындаған қылмыстар қоғамда резонанс туғызып жүр. Оның басты триггері – жұмыссыздық, әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандырылмау, табыстың азаюы, көші-қон және маскүнемдік», - деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, әр қалада арақ-шарапты түнде сатып алуға болатын жасырын орындар бар.

«Былтырдың өзінде ғана уытты алкогольдің сатылым көлемі екі еседей артқан. Алкогольді түнгі уақытта сатуға салынған тыйымнан пайда болмай тұр. Әр қалада алкогольді түннің кез келген уақытында сатып алуға болатын жасырын орындар бар және көпшілікке мәлім. Біз Шымкент, Алматы сияқты 8 өңірге шығып, ахуалды зерттедік. Өкілетті органдардың қызметіндегі жүйелі проблемаларды анықтадық», - деді Бас прокурор.


Соңғы жаңалықтар