Былтыр агросаланың негізгі капиталына $2 млрд инвестиция тартылды – Қарашөкеев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халықаралық форумы аясында панельдік сессияға қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өзі жетекшілік етіп отырған салаға тартылған инвестициялар көлемі ұлғайғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі шамамен 7% артып, 2 млрд долларға теңелді. Биыл 4 айдың қорытындысы бойынша бұл бағытта оң динамика сақталып отыр. Атап айтқанда, жыл басынан негізгі капиталға бағытталған инвестицияның 25% өскені байқалады. Былтыр азық-түлік тауарларын өндіру ісіне салынған инвестиция 15,7% артты», - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар министр алдағы жұмыстарға да тоқталды. Оның мәліметінше, келер жылы агроөнеркәсіп саласында 900-ден аса инвестициялық жоба іске асады. Олардың жалпы құны –6 млрд доллар.

Министр Е.Қарашөкеевтің болжамына сай, келер жылы азық-түлік тауарының өндірісі 7 млрд долларға жетеді.


Соңғы жаңалықтар