Бұзылған бөгет 20 адамды ағызып әкетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда «Патель» (Patel Dam) бөгетінің бұзылуы салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты.

Бұл туралы бейсенбі күні Daily Nation газеті хабарлады.

Басылымның дерегі бойынша, оқиға сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Накуру округінде болған. Төтенше жағдай салдарынан 300-ден астам отбасы үйлерінен айырылды.
null  

Жергілікті билік залал деңгейін әлі анықтамаған.

«Біз барлық жергілікті тұрғындарды толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынына байланысты абай болуға шақырамыз», - деген Накуру губернаторының сөзін келтіреді Daily Nation.
null 

Кения Қызыл Кресті хабарлағандай, 39 адам ауруханаға жеткізілген. 

null  null  null  

Соңғы жаңалықтар