Бұзаулар мен құлындардың ұрысы ұсталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында 7 бас бұзау мен 2 құлынды ұрлаған азаматты қолға түсірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД мәліметі бойынша өңірдегі ЖШС директорларының бірі 26 мамырдан бастап, 13 маусым аралығында жайлымда жүрген 7 бас бұзау мен 2 құлынның жоғалғаны жөнінде шағымданған. Осыған байланысты криминалдық полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылған жедел-іздестіру шарасы барысында бірер сағаттың ішінде 54 жасар күдікті ұсталынады.

Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 175-бабы 2-бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар