Бұзақылығы және кісі өлтіргені үшін істері сотқа берілді - БҚО прокуратурасы

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасы Ақсай қаласындағы «Ривьера» мейрамханасында бұзақылық жасап, Т.Мұхамедиевті өлтіргені үшін А.Манарбекұлы мен Ф.Әбдірашевтің ісін сотқа берді.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Атырау қалалық сотының үкімімен топ құрамында күш көрсетіп, қарақшылық жасағаны үшін бостандығы шектелген А.Манарбекұлы Ф.Әбдірашевпен бірге мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, аталған мейрамханада төбелес шығарған. Соның барысында Манарбекұлы травматикалық тапанша қолданып, Мұхамедиевтің бетіне атқан. Онымен тыншымай, тапаншамен және аяғымен жәбірленушінің басына оннан астам соққы жасаған. Марқұм сол жерде жан тапсырған.

Соңғы жаңалықтар