БҰҰ Twitter-ге қатысты Илон Маскқа үндеу жасады

None
СИНЬХУА-ҚазАқпарат – БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк сенбіде Twitter-дің бас атқарушы директоры Илон Маскқа ашық хат жолдап, осы әлеуметтік медиа арнасын басқаруда адам құқықтарын басты орынға қоюға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Хат компанияның жұма күні қызметкерлерді, соның ішінде Twitter-де адам құқықтары мен этика ережелерін сақтауға жауапты мамандар тобын жаппай жұмыстан шығару туралы хабарламалардан кейін жетті.
«Біздің ортақ құқықтарымызды сақтау платформаны пайдалану мен эволюция шегін анықтауы керек», - деп жазды Фолькер Тюрк.
Ол өзінің хатында Twitter-ді жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қорғауға шақырды және компанияда басқа адамдардың құқықтарын бұзатын контентті таратпау жауапкершілігі бар екенін атап өтті.
27 қазанда Маск Twitter-ді сатып алу туралы келісімді жапты. Жаңа иесі пайдаланушыларды үнемі бұғаттау тәжірибесін жояды деп күтілуде. Кәсіпкер Twitter-ді модерациялау мәселесін зерттеумен айналысатын арнайы кеңес құрып жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Илон Маск компанияның директорлар кеңесін уақытша таратты және компанияны басқару толығымен уақытша Илон Масктың бақылауына өтті. Бұл туралы кәсіпкердің өзі хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұма күні шығындарды азайту мақсатында мыңдаған қызметкер жұмыстан шығарылды



Фото: bb.lv





Соңғы жаңалықтар