БҰҰ терроризмге қарсы күресте күш біріктіреді – жоғары деңгейдегі Душанбе конференциясы

None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - БҰҰ терроризмге қарсы күресте күш біріктіреді. Бұл туралы Душанбеде өткен «Терроризмге қарсы күрес және террористердің трансшекаралық қозғалысын болдырмау мақсатында шекара қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық және өңірлік ынтымақтастық» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға БҰҰ мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастап барды.

Конференцияны Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон салтанатты түрде ашты.

«М.Тілеуберді трансшекаралық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл контекстінде өңірлік және жаһандық деңгейдегі іс-қимылдарды одан әрі тығыз үйлестіруге шақырды.


Министр АӨСШК 6-шы саммитінің қорытындысы туралы және БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарын бекіту туралы хабарлады», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Сондай-ақ форум аясында ҚР СІМ басшысы БҰҰ және ЕО делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Контртерроризм басқармасының басшысы Владимир Воронковпен болған жүздесу барысында БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде әрі қарай іске асыру мәселелері талқыланды.

ЕО Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ Еуроодақтан келетін делегациялардың Астанаға алдағы сапарларының кестесі қаралған.



Фото : gov.kz





Соңғы жаңалықтар