БҰҰ Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Антониу Гуттериш өзінің мәлімдемесінде Таулы Қарабақтағы әскери күрестің қайта басталғанына алаңдаулы екенін мәлімдеді. Ол татартардың күш қолдануын сынға алып, осы оқиғаның қарапайым тұрғындарға залалы тиетініне алаңдайтынын жеткізді.

«БҰҰ бас хатшысы екі тарапты дереу әскери қақтығысты тоқтатып, сындарлы келіссөз жүргізуге шақырады», - делінген Гуттериштің атынан БҰҰ баспасөз хатшысы жариялаған мәлімдемеде.

Антониу Гуттериш ЕҚЫҰ-ның Минск тобының төрағаларының рөлінің маңызды екенін атап өтіп, олардың жұмысын қолдайтынын мәлімдеді. Ол екі тарапты «ешқандай күш қолданбай дереу келіссөз жүргізу» мақсатында серіктестікке шақырды.

Айта кетсек, Әзербайжан мен Арменияның қорғаныс ведомстволары Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушыққаны туралы мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасады.


Соңғы жаңалықтар