БҰҰ тарихтағы ең ауқымды «жаһандық пікірталасты» өткізбекші

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ адамдарды ғаламшарымыздың бүгіні мен болашағы туралы әңгімелесуге шақырады. Пікірталастың мақсаты – әлем тұрғындарының пікірін тыңдау. Тарихтағы ең ауқымды «жаһандық пікіралас» акциясы БҰҰ 75 жылдығын тойлайтын жылы, қаңтар айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат News.un.org сайтына сілтеме жасап.

Кездесулер барлық жерде – парламент үйі мен университет дәрісханаларынан бастап, ауылдық клубтарда болады, оған қоғамның түрлі топтары мен буын өкілдері қатысады. Қатысушылардың пікірін саралау арқылы туындаған идеялар 2020 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның әлемдік көшбасшылары мен басшылығының талқылауына жіберіледі.

Сонымен қатар, ұйым қызметшілері қоғамдық сауалнама жүргізіп, оның нәтижелерін БАҚ-та жариялап отырады. Ол қосымша ақпарат жинап, ғаламшар тұрғындары әлемді 2045 жылы қалай көргісі келетінін түсінуге мүмкіндік береді. Авторлардың пікірі бойынша, осылайша жер тұрғындарының көпшілігі өзінің болашағының құрылуына үлес қосады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриша қазір барлығы бір-бірімен байланысты, ал заманауи мәселелерді тек әлем болып жұмылу арқылы шешуге болады дейді. «Ешқандай мемлекет, ешқандай қоғам мәселені жалғыз шеше алмайды, бізге күш біріктіру керек. Біз айтып қана қоймай, тыңдай алуымыз керек. Бұл мәселеде әрқайсысыңыздың пікіріңіз маңызды. Біз сіздің ойыңызды білгіміз келеді, әлем тұрғындарының өмірін жақсарту үшін не істей алатынымызды анықтағымыз келеді», - деп мәлімдеді БҰҰ басшысы.

Диалог пен зерттеу үш сұраққа негізделген: адамзат болашағы, әлемдегі үрдіс мен жаһандық серіктестік. 6 қаңтар күні БҰҰ серіктестерімен бірлесе отырып жаһандық пікірталасқа қатысты 38 қатысушы ойын білдіретін бейнеролик жариялайды.






Соңғы жаңалықтар