БҰҰ соғысқа жұмылдырылған балаларды қорғау үшін науқан бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас Ассамблеясы балаларды солдат ретінде жалдау проблемасымен күресу үшін балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты Бала құқықтары туралы конвенцияға қосымша хаттама қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы БҰҰ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат 2002 жылдың 12 ақпанында күшіне енген еді. Бұл күн Халықаралық сарбаз-балаларды пайдалануға қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі, сондай-ақ Қызыл қол күні деген атаумен танымал.

Соңғы жылдары балаларға қатысты жасалған өрескел заң бұзушылықтар саны артып келеді. Бұған жауап ретінде БҰҰ Бас хатшысының Балалар мен қарулы қақтығыстар мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Вирджиния Гамба қақтығыстарға қатысқан балаларды қорғау үшін АКТ-ті іске қосты. Бұл – соғыстан зардап шеккен балаларды қорғау бойынша іс-қимылдарды арттыру және ақпараттар тарату жаһандық науқаны.

Алдағы үш жыл ішінде науқан қақтығыстар кезінде балаларға жасалатын өрескел заң бұзушылықтарды тоқтатуға және болдырмауға бағытталған іс-қимылдарды қолдау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы, азаматтық қоғам мен халықаралық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатын болады.

БҰҰ әлем елдерін АКТ-ті келесідей жолдармен қолдау білдіруге шақырады:

- Қақтығыстар болып жатқан елдердегі балалардың өмірінен хабардар болыңыз және ол туралы мәліметтермен бөлісіңіз;

- Жанжалдасушы тараптарға барлық балалар қорғалуы тиістігін бүтін әлем қолдайтынын еске салыңыз;

- Өрескел заң бұзушылықтардан зардап шеккен балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды қолдаңыз;

- Әлем мәдениетін ілгерілету және балалар үшін қауіпсіз қоғам құруға көмектесетін бастамаларды қолдаңыз;

- Халықаралық қоғамдастықты қолдау, балаларды қорғайтын ресурстарға көңіл бөлу.


Соңғы жаңалықтар