БҰҰ сириялықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 10 миллиард доллар жинауды жоспарлап отыр

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – БҰҰ Сирияның соғыстан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін 10 миллиард доллар жинауға ниетті. Бұл туралы сейсенбі күні БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Марк Лоукок Сирия бойынша халықаралық донорлық конференцияда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шын мәнінде, қазіргі кезде Сирия мен оның көршілес елдеріндегі ахуал соңғы тоғыз жылдағыдан да нашар, бірінші кезекте соғыс қимылдарының экономикалық салдарына байланысты. Гуманитарлық көмекке мұқтаж адамдар санының өсуі байқалады. Сондықтан бізде БҰҰ-мен ынтымақтасқан ұйымдардың қолдауымен әзірленген ең ауқымды іс-қимыл жоспары бар, оның аясында біз 10 млрд доллар жинамақпыз. Оның 4,2 млрд долларын Сирия ішіндегі тұрғындарға көмектесу үшін, 5,8 млрд долларын көршілес елдерге қашқан сириялықтарға жинауға тырысамыз»,- деді ол.

Брюссельде Сирия бойынша кезекті халықаралық донорлық конференция өтіп жатыр. 9 наурызда ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель: «Еуроодақ саяси реттеу, жаңа конституция қабылдау және БҰҰ қамқорлығымен еркін сайлау өткізу жағдайында ғана Сирияға қолдау көрсетеді» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, «саяси өзгеріс басталмайынша Дамаскпен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру, санкциялардың күшін жою және қалпына келтіруге көмек болмайды».


Соңғы жаңалықтар