БҰҰ Өзбекстан арқылы Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібереді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасы (БЖКБ) Ауғанстанға Өзбекстан арқылы гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

БЖКБ өкілі Бабар Балох басқарманың жүздеген мың ішкі қоныс аударушыларға қолдау көрсету үшін Ауғанстанмен шекаралас елдерде логистикалық орталықтар құру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Таяу уақытта БЖКБ Өзбекстанның Термез қаласына гуманитарлық көмек артылған үш ұшақты жібереді. Кейін оны «Хайратон» шекаралық өткізу бекеті арқылы Мазари-Шарифқа жеткізеді. Бірінші ұшақ Термезге қазанның ортасында келеді», - деп хабарлады БҰҰ өкілі.

Оның айтуынша, қолдауға мұқтаж ауғандықтар саны 20 млн адамға жеткен және ол күн сайын артып жатыр. Қазіргі уақытта ауғандық отбасылардың тек 5%-ы азық-түлікпен қамтылған, Ауғанстандағы 5 жасқа дейінгі балалардың жартысынан көбі тамақты тойып іше алмай жүр және аштық алдында тұр.

Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар