БҰҰ өкілі қазақтар туралы: Астанаға түскен бойда қонаққа шақырып, шаңырақ көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының кезекті отырысы БҰҰ өкілі Ханифа Мезуи қазақтың қонақжайлығына риза болғанын жеткізді. Х.Мезуи БҰҰ-да Өркениеттер альянсының гуманитарлық және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі аға қеңесшісі қызметін атқарып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Қазақстан жастарына үлкен сәлем жолдайын деп едім. Шынымды айтсам, осы жердегі жастардың тәрбиесіне өте риза болдым. Мәселен, кеше Астанаға келген бойда студент қыздарымның біреуі мені бірден өз үйіне қонаққа шақырды. Анасының әңгімесін тыңдадым. Осы жердің қонақжайлығына таңқалдым. Астанаға келгеніме бір сағат та болған жоқ, мені бірден үйге шақырды, шаңырақты көрсетті. Сол үйде қазақстандық жастармен жақын таныстым. Олар көп нәрсеге қызығады екен. Бәрін сұрап шықты. Біріккен Ұлттар Ұйымында дін мәселесі қалай қаралады? Бәрін білгісі келеді. Сосын осы жердің жастары сені тыңдап қана қоймай, өз ойларын да жеткізе біледі», - дейді Х.Мезуи.

Оның айтуынша, бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымында дінаралық келісім мәселесіне баса назар аударылады. Жақында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да болып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін таныстарған болатын.

«Осының арқасында Қазақстанның бастамаларын халықаралық дәрежеде танытуға болады», - деп атап көрсетті Х.Мезуи.

Айта кетейік, 10-11 қазан аралығында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті VI съезі өтеді. Съездің ашылуына Сербия президенті Александр Вучич пен ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер қатысады.

Отырысқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етеді.

Соңғы жаңалықтар