БҰҰ-ның жоғары комиссары Қазақстандағы реформаларға пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев және БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюрк екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссарының жұмыс сапары аясында елордадағы KAZGUU университетінде екіжақты кездесу өтті. Осы жиын барысында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығымен бірлесе өзара іс-қимыл мен ынтымақтыстық тақырыбы талқыланды», - деді А. Ластаев аталған кездесуден кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол БҰҰ өкілімен кездесу барысында басқа да өзекті тақырыптар қаралғанын айтты.

«Азаптауға, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу, құқық қорғаушылар мен журналистерге қолдау жасау және басқа да мәселелер талқыланды», - деді А. Ластаев.

Оның айтуынша, Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссар ҚР Президенті жариялаған әділетті Қазақстанды құру бағытындағы конституциялық реформаларға қатысты оң пікірін білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылмағынан айтты.


Соңғы жаңалықтар