БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары Қазақстанның реформаларын жоғары бағалады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Женеваға сапары барысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар 2022-2024 жылдары АҚК-ға қазақстандық мүшеліктің басымдықтарын және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы (АҚЖКБ) делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындыларын талқылады, оның нәтижелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау, демократиялық қоғам құру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу бөлігінде бастамашылық еткен саяси реформаларды іске асыруда техникалық көмек көрсету үшін басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.

М.Тілеуберді Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу барысы туралы, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің кешенді шаралары туралы Жоғарғы комиссарды хабардар етті. Ол Қазақстан билігі әділ тергеу жүргізіп жатқанын, оның нәтижелері әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан СІМ басшысы сұхбаттасына Президент Қ.Тоқаев 16 наурызда қазақстандық қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған реформалардың жаңа бағдарламасын жариялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, Министр М.Бачелетті Қазақстанға сапарымен келуі туралы

Мемлекет басшысының шақыруын еске салды.

Өз кезегінде Жоғарғы комиссар Қазақстан Үкіметі жүргізіп жатқан жұмысты жоғары бағалады, сондай-ақ ұлттық құқық қорғау институттарының құқық қорғау реформаларын іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. М.Бачелет оның кеңсесінің Қазақстанға қажетті техникалық көмек көрсетуге дайындығын білдірді. Қазақстанның азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі шараларына қошемет көрсетті.


Соңғы жаңалықтар