БҰҰ-ның мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттеріне қатысты заң жобасы жалпы отырыста мақұлданды

None
None
ырдың 24-і.  ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін  Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста «Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Отырыс барысында аталмыш заң жобасына байланысты баяндама жасаған Әділет вице-министрі Марат Бекетаевтің айтуынша, қазіргі уақытта республика иммунитет мәселелерін Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінің екі нормасымен ғана реттейді. «Егер мемлекеттің қатысуымен өтетін даулар республика аумағынан тыс жерлерде туындайтындығын ескерсек, аталмыш құжаттардың баптары қалыптасқан мәселені толық реттеуге жеткіліксіз.

Ал конвенцияға қатысу мемлекеттің және оның меншігіне қатысты иммунитетін республика аумағынан тыс жерлерде яғни, шетелдік соттардың юрисдикциясы арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Сонымен қатар конвенцияда мемлекет меншігінің ерекше тізбесі анықталған. Бұл тізімге мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен мемлекеттің орталық банкінің және басқа да қаржы органдарының меншіктері, сондай-ақ мемлекеттің мәдени, тарихи мұралары мен мұрағаттары кіреді», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар