БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының жетінші бас хатшысы Кофи Аннан 80 жасында қайтыс болды. Бұл жөнінде сенбі күні саясаткердің отбасы мүшелері жеткізді. Ресми мәлімдеме Аннанның Twitter-дегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Кофи Аннанның қоры және отбасы мүшелері БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, Нобель лауреаты Кофи Аннан сенбі күні, 18 тамызда ауыр науқастан көз жұмды. Оның жұбайы Нейн мен балалары Ама, Кохо және Нина өмірінің соңғы күндері Аннанның жанында болды», - делінген мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар