БҰҰ-ның Бангкоктағы сессиясында Елбасы бастамаларының нәтижелері таныстырылды

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат - 27-28 мамыр күндері ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Бангкок қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) 75-сессиясына қатысуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

"Іс-шараның министрлік сегменті аясында М.Тілеуберді Қазақстан туралы елдік мәлімдеме жасады. Оның барысында ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде орнықты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы еліміздің ілгерілеуі туралы хабарлады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бастамаларды жүзеге асыру арқасында адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету саласындағы бірегей нәтижелер атап өтілді. Сонымен қатар, М.Тілеуберді аудиторияға транзиттік-көлік әлеуетін дамыту саласындағы, соның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы мен «Бір белдеу, бір жол» Қытай бастамасының түйісу контекстінде елдің жетістіктері туралы ақпарат берді. Өңірлік контексте «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, Мемлекеттік қызметтің өңірлік хабының, Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасының (СПЕКА) қызметі және Алматы қаласында Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ өңіраралық орталығын құру жөніндегі бастама баяндалды", - делінген баспасөз баянында.
null

Іс-шара шеңберінде Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі Қытай Халық Республикасының Тұрақты өкілдігімен және АзТМЭӘК Хатшылығымен бірлесіп «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен Тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібінің өзара байланысына арналған сайд-ивент ұйымдастырды. Панельдік пікіралмасу барысында Елші Раушан Есбулатова инфрақұрылымдық байланыстарды дамытудың қазақстандық тәжірибесімен бөлісіп, Ұлы Жібек жолын жаңғырту идеясын жүзеге асырудағы Қазақстанның рөлін атап өтті.

Сессия аясында М.Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы А.Алисджабанамен және ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ж.Цунмен екіжақты кездесулер өткізді.

null

Соңғы жаңалықтар