БҰҰ-ның 70 жылдығы Ұлы Жеңіс мейрамының 70 жылдығымен тікелей байланысты - БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда БҰҰ құрылғанына 70 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ҚР БҒМ, ҚР СІМ, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырды.

Оқу орнының басшысы Ғалымқайыр Мұтанов өз сөзінде бүгінгі күннің кездейсоқ белгіленбегенін атап өтті. Осыдан 25 жыл бұрын 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы 168-ші мемлекет болып БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында БҰҰ мүшелігіне қабылданды.

Қазір БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің саны 193-ке жетті.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі, бұрынғы ҚР СІМ министрі Ақмарал Арыстанбекова халықаралық ұйымның жұмысында Қазақстанның ерекше рөл ойнайтындығын атап өтті.

«2011 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 66-шы сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік алған 20 жылы барысында БҰҰ-ның барлық талаптары мен заңдарын бұлжытпай орындап келе жатқанын айтып өткен болатын. Биыл да 17 ақпанда өткен дипломатиялық өкілдіктермен кездесуі барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның теңдік пен өзара түсіністікті ту етіп келе жатқанын, негізгі проблемаларды БҰҰ орталық рөлі мен халықаралық құқықты қорғау принциптеріне сүйене отырып шешу керектігін айтты. Сонымен қатар БҰҰ-ның 70 жылдығы Жеңістің 70 жылдығымен тығыз байланыста», - деді А.Арыстанбекова.

Конференция барысында ғаламшардағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақты дамуды қамтамасыз етуде, адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды бекітуде БҰҰ-ның рөлі талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанмен байланыс туралы да тілге тиек етілді. ҚР Президенті мен Бас хатшы Пан Ги Мунның бастамасымен дүниеге келген Алматыдағы БҰҰ аймақтық орталығының (хабының) жұмысы туралы айтылды. Конференция аясында мерейтойлық «БҰҰ: 70 жыл бойы фотосуретте» фотокөрмесі өтті.

Соңғы жаңалықтар