+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

БҰҰ нацизмді жеңу күнін атап өтіп, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алуда

2021 жылғы 9 мамыр 12:16
Бөлісіңіз:
БҰҰ нацизмді жеңу күнін атап өтіп, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8-9 мамырды БҰҰ-да Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды еске алу және татуласу күні ретінде атап өтуде. Бұл күндер соғыстың қандай зардап әкелетінін еске салып, мәселелерді әскери жолмен шешу әрекеттерінен сақтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Перуде автобус 200 метр биіктіктен құлап, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы зардап шеккен Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын Жапонияда ер адам интернет-кафе қызметкерін кепілге алды

Екінші дүниежүзілік соғыс «адамзатқа теңдессіз ауыртпалық әкелді, әсіресе Еуропа, Азия, Африка, Тынық мұхиты және әлемнің басқа да өңірлері зардап шекті», - делінген 8 және 9 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ тапқандарға арналған еске алу және татуласу күні деп белгілеген Бас Ассемблея қарарында.

БҰҰ-на мүше елдердің фашизмді жеңу бойынша өз еске алу күндері бар екенін ескере отырып, Бас Ассамблея БҰҰ жүйесіндегі елдер, ұйымдар мен жеке тұлғаларға жыл сайын осы күндердің бірін Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болғандарды еске алу күні ретінде атап өтуді ұсынды.

«1945 жылдың мамырында фашизм мен басқыншылықты жеңу жаңа заманның басталуын білдірді, – деп еске салды БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. – Халықаралық ынтымақтастық пен ортақ адами құндылықтардың аса маңызды екенін ұғыну басты мақсаты алдымыздағы ұрпақты соғыс ауыртпалығынан арылту болып белгіленген Бірікке Ұлттар Ұйымын құруға әкелді».

Пандемияға байланысты осыдан екінші жыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске арналған естелік шараларын онлайн өткізуге тура келіп отыр. Өткен жылы ТМД елдерінің дипломатиялық миссиялары Жаһандық коммуникация департаменті қолдауымен әлеуметтік желілерде жеңістің 75 жылдығына арналған акция өткізді.

Осы жылы ортақ жоба «Жеңіс өнері» деп аталады. Оның қатысушылары Twitter мен Facebook-та КСРО республикалары өкілдері – суретшілер, майдан ақындары мен жазушылары, музыка және театр ұжымдары майданда және тылда патриотизм мен Жеңіске деген жігерді қалай нығайтқанын айтады. ЕДС тақырыбына соғыс біткеннен кейін де біраз атақшы шығармалар жазылды. Жаңалықтар қызметі сирек фотолар мен видеоларды, соның ішінде Жеңіс Мұражайы қорынан алынған материалдарды қайта жариялайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT