БҰҰ Мемлекеттердің юрисдикциялық имунитеттері туралы конвенция қабылданды

None
None
АСТАНА.  Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының  жалпы отырысында  палата депутаттары «БҰҰ-ның  Мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдиксиялық имунитеттері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған конвенция мемлекеттің өзінің имунитетін басқа мемлекеттің соттарында пайдалану шарттары мен жағдайларын айқындайды. Сондай-ақ құжатта басқа мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдануын қоса алғанда, бірінші мемлекетке қатысты рұқсат етілген іс-қимылының ауқымы белгіленеді. Заңда коммерциялық емес мақсаттар үшін пайдаланылатын меншіктің ерекше тізбесі айқындалған. Бұған қатысты шетел сотының юрисдикциясы шешім қабылданғанға дейін де, шешім шығарылғаннан кейін де қолданыла алмайды. Конвенцияда бір мемлекеттің сотында олардың билік (егемендік) функцияларын жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттің және оның органдарының юрисдикциясын жүзеге асыруы мүмкін еместігінің маңызды қағидаты бекітілген. Тұтастай алғанда, Қазақстанның конвенцияға қатысуы басқа мемлекеттер соттарының юрисдикциясының мемлекеттің имунитеті мен меншігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар