БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстан шапшаң қартайып бара жатқан елдер қатарына жатады

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстан шапшаң қартайып бара жатқан елдер қатарына жатады. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Надежда Петухова мәлім етті. Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен комитет отырысында Қазақстандағы паллиативтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.

«2050 жылға қарай Қазақстан халқының төрттен бірін егде жастағы адамдар құрайды. Соған қарай қарттар арасында кездесетін ауру түрлері де арта түседі деген сөз. Оның ішінде қатерлі ісік патологиясы өршуі әбден мүмкін», - деді депутат Надежда Петухова.

Оның айтуынша, республика бойынша мәліметтер науқастардың арасында дәл осы қатерлі ісіктен көз жұматындардың саны артып отырғанын көрсетеді. «Сондықтан да, осы санаттағы науқастардың басым бөлігі кәсіби медика-психологиялық көмектерге зәру. Ендеше олардың өмір сапасын арттыру жан-жақты дамытуды, емдеу үдерісінің жаңа тәсілдерін қолдануды талап етеді», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар