+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

БҰҰ коронавирус індетін супер таратушы елді атады

2021 жылғы 29 шілде 03:32
Бөлісіңіз:
БҰҰ коронавирус індетін супер таратушы елді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мьянмада COVID-19 инфекциясы өршіп барады. Осылай жалғаса берсе, бүкіл аймаққа індет тарататын елге айналуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian газетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҰҰ Ауғанстан көмек көрсету үшін Алматыда гуманитарлық хаб құруды қолдады Өзбекстанда карантин жеңілдетілді Әлемдегі коронавирус: Бангкокте туризм маусымы шегерілді, Швейцария елге келу ережесін өзгертті

БҰҰ-ның Мьянмадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Том Эндрюстың мәлім етуінше, елде коронавирус індеті жылдам таралып жатыр.

Елдегі соңғы уақытта туындаған келеңсіз жағдайлар COVID-19 эпидемиясының бүкіл аймаққа таралу қаупін тудырып отыр.

Ақпан төңкерісінен бері Мьянмада вакцинация бағдарламасы іске аспауда, халық тестілеуден өткізілмейді және дәрігерлердің ереуіліне байланысты ауруханалар жұмысы тоқтап қалды.

Сондай-ақ ұйымның арнайы баяндамашысы Мьянмадағы дәрігерлердің ереуілге шыққанын, олардың мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істеуден бас тартатынын, қысым мен қоқан-лоққыларға ұшырап, адамдарды жасырын түрде емдеуге мәжбүр болғандықтарын атап өтті.

Қазіргі таңда Мьянмада халық медициналық оттегіге, крематориялар мен мәйітханаларға кезекте тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT