+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

БҰҰ конференциясы: Мәжілістегі әйел депутаттар гендерлік теңдікті талқылады

2020 жылғы 22 қыркүйек 16:43
Бөлісіңіз:
БҰҰ конференциясы: Мәжілістегі әйел депутаттар гендерлік теңдікті талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс депутаттары Меруерт Қазбекова, Наринэ Микаелян, Әлия Сапарова және Ирина Смирнова Парламент депуттарына арналған семинарға бейне-конференция арқылы қатысты.

«Орталық Азия мен Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін әйелдер парламентшілерінің серіктестігі» тақырыбында өткен семинарды Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша БҰҰ Аймақтық Орталығы ұйымдастырды.

Жиын барысында депутаттар гендерлік теңдікті ілгерілетудің негізгі қағидаларымен, Орталық Азия мен Ауғанстан парламенттеріндегі әйелдердің өкілдіктерімен, олардың әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы 1325 резолюциясын жүзеге асырудағы рөлімен танысты. Бұл 2000 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шиеленістерді болдырмау, бітімгершілік және қауіпсіздік процестеріндегі әйелдердің белсенді рөлін кеңейту мақсатында №1325 – «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» резолюциясы қабылданған.

Сонымен қатар, жиында депутат әйелдердің жұмыс барысы және олардың мемлекеттік саясатқа әсері толығырақ талқыланды. Сондай-ақ, семинарда мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен серіктестік байланыс орнату мәселелері қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT