БҰҰ ҚК мүшелері Сирия келіссөздерінде Астана процесін жоғары бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға трансшекаралық гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру туралы қарарын қолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы дағдарысты реттеуде халықаралық қоғамдастық пен БҰҰ-ның  күш-жігерін, оның ішінде Астана процесі аясындағы қадамдарды жоғары бағалады. Қабылданған қарарда Астана форматындағы келіссөздер ұсталған адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тез арада босатылуына, сондай-ақ қайтыс болғандардың мәйітін тапсыруға, жоғалған адамдарды анықтауға елеулі үлес қосатыны атап өтілген.

null Қарарға сәйкес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның гуманитарлық жасақтары мен оның орындаушы серіктестері үшін қауіпсіз әрі кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етуді талап етуде. Осы орайда, барлық сұралған аудандарға және халықтың барлық топтарына дәрі-дәрмектер мен хирургиялық жабдықтарды тұрақты жеткізуге тиісті жағдайды жасау қажеттігі ескерілген.

Соңғы жаңалықтар