БҰҰ Қазақстанның төтенше жағдайдың алдын алу дайындығын жоғары бағалады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің төтенше жағдай ведомстволары басшылары кеңесінің аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық форум аясында табиғи апаттың алдын алу мен оны болдырмауға дайындықты одан әрі күшейту мақсатындағы ынтымақтастық шараларын дамытуға бағытталған мәселелер талқыланып, бірқатар шешімдер қабылданды.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің төтенше жағдай ведомстволарының басшылары мен өкілдері қатысты. Сонымен қатар, форумға апаттың алдын алу жөніндегі халықаралық және мемлекеттік емес ұйым өкілдері де келді.
null

«Қазақстанның осындай маңызды кездесуді ұйымдастырып отырғаны қуантарлық жағдай. Орталық Азия елдерінің табиғи апаттардың алдын алуда мүдделері ортақ болғандықтан, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы әрбір қатысушы ел үшін тиімді. Себебі апаттың салдарын жоюға жұмсалатын қаржыны оған дайындықты жоғары деңгейде жасау арқылы жеті есе азайтуға болады», - дейді БҰҰ Резидент-Координаторы,  БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура.
null

Оның айтуынша, Қазақстанның төтенше жағдайдың алдын алу мен оған дайындық деңгейі Орталық Азия елдерінің ішінде жетекші орында. Сондықтан, жаңа бастамалардың дәл осы Қазақстаннан шығуы әдеткі жағдай.

«Апаттың алдын алу немесе салдарын жою тек бір министрлік немесе ведомствоның жетекшілігімен емес, елдің барлық үкіметтік мекемелерінің атсалысуымен жүргізілуі тиіс. Олардың әрқайсысы апат кезінде өз көмегін беруге үнемі дайын болуы керек. Осы сынды мәселелер бүгінгі форум барысында қаралды», - дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Халықаралық форум қорытындысы бойынша, Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қауіп-қатерлерін азайту орталығына аймақтық форум секретариаты статусы берілді.

Айта кетсек, Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың қауіп-қатерлерін азайту орталығы Алматы қаласында 2013 жылы мамыр айында Қазақстан мен Қырғызстан арасында орнатылған келісім аясында бой көтерді. Содан бері орталық кеңесіне өзге де Орталық Азия елдерінің төтенше жағдай ведомстволары бірікті.
nullnull

Жолдас Өрісбаев

Соңғы жаңалықтар