БҰҰ: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуға негізделген бағдарламасын тиімді деп санаймыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тәжірибесін дамушы елдердің арасында таратуға қуаныштымыз. Бұл туралы өнеркәсіптік даму жөніндегі БҰҰ-ның Бизнес секторы, инвестиция және технологиялық қызмет департаментінің директоры Мохамед Дауи мәлім етті.

«Бүгінде Еуропалық мемлекеттер, АҚШ және Жапония секілді дамыған елдер индустрияландыруды қайта жандандыру жайында мәселені көтере бастады. Индустрияландыруды жандандыру бағдарламасының мақсаты экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеруге, экономикалық қатерлердің алдын алуға негізделген. Атап айтқанда, қазіргі кезде халықаралық деңгейде және экономикада Қазақстанды әлемде қарқынды өсімге ие болған ел ретінде бағалап отыр», - деді Астанадағы «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін, еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру» конференциясында М. Дауи.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдік экономикада күрделі кешенді өзгерістер орын алуда. Орташа және жоғары табысы бар мемлекеттер ұдайы индустриялдық-техникалық жетілдіру мәселелеріне тап болуда. Сонымен қатар М. Дауи экономикалық даму үнемі құрылымдық өзгерістердің үдересі болып табылатынын айта келе, осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында өзінің Жолдауында елдегі даму қарқынын арттыруға байланысты негізгі басымдықтарды қамтығанын қадап айтты.

«Қазақстанның тұрақты әрі үдемелі өнеркәсіптік дамуға негізделген бағдарламасын тиімді деп санаймыз. Бұл өз кезегінде елдегі тұрақты экономикалық өсімге негіз бола алады. Осы орайда Қазақстан тәжірибесін дамушы елдердің арасында таратуға қуаныштымыз. Сонымен қатар біз осы стратегияны жүзеге асыруды дамытуға ҚР Үкіметіне көмектесуге дайынбыз», - деп түйді БҰҰ өкілі.

Соңғы жаңалықтар