БҰҰ Қазақстанның неке және отбасы кодексіне енгізген өзгерістерді қолдайтынын жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Босқын істері бойынша агенттігі Қазақстанда туған барлық балаларды тіркеу және туу туралы куәлік беру шешімін қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат UN News сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан тиісті өзгерісті желтоқсан айында енгізген болатын. Соған сәйкес ата-анасының статусына қарамастан Қазақстанда дүниеге келген балалардың барлығының туу деректері тіркеліп, туу туралы куәлік берілетін болады.

«Бұл Қазақстанда құжаты жоқ және азаматтығы жоқ адамдардың балаларына пайдасын тигізеді, себебі осылайша ол балалардың болашақта азаматтығы жоқ адам болуына кедергі болмайды», - деді БҰҰ Орталық Азия бойынша өкілі Ясуко Ода.

БҰҰ өкілдерінің айтуынша, туу туралы деректің тіркелмеуі және туу туралы куәліктің берілмеуі адамға қай жерде дүниеге келгенін дәлелдеу үшін қиындық туғызады, сонымен қатар оның кез келген мемлекеттіңазаматтығын таңдау құқығына шектеу жасайды.

«Қазақстанда баланың туу деректерінің тіркелуі жүз пайызға жуық. Дегенмен, бұған дейін Қазақстанда тіркелмеген мигранттар мен азаматтығы анықталмаған адамдардың балалары тіркелмейтін еді», деп жазылған мақалада.

БҰҰ айтуынша, 78 мемлекетте азаматтығы жоқ 3,9 млн адам бар.




Соңғы жаңалықтар