БҰҰ қазақстандық әскери техникаларды бітімгерлік миссияларда қолданатын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев елордада өткен БҰҰ-ның бітімгершілік үшін технологиялық серіктестік жөніндегі V халықаралық симпозиумы қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Шимура Норимасаның қатысуымен өткен БҰҰ Бас хатшысының жедел дайындық жөніндегі орынбасары Атул Харемен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыға салынды. БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы үшін әскери техникалар мен жылуға ден қойғыш құрал-жабдықтар ұсыну, спутниктік мониторинг саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар цифрландыру мен телемедицина саласында өзара іс-қимылды кеңейту жайында сөз болды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының қазақстандық әскери техникалаларды БҰҰ бітімгершілік миссияларына пайдалану туралы ұсынысы қолдау тапты. Себебі Қазақстан бұл бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай әлеует пен ұмтылысқа ие.

«Бүгінгі күні Қазақстанда әскери техникалар мен құрал-жабдықтарды, оның ішінде сауытты автомобильдерді, тікұшақтарды, жылуға ден қойғыш құрал-жабдықтарды, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаратын жеткілікті кәсіпорын жұмыс істейді. Және де біз осынау әскери әлеует бейбітшілікті сақтау ісіне қызмет еткендігіне мүдделік танытамыз», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Өз кезегінде Атул Харе жақын арадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізетін сатып алулар бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы кәсіпкерлердің хабардар болу мүмкіншілігін арттыруға арналған бизнес-семинарлар өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар