БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан терроризмнің дінге ешбір қатысы жоқ екенін түсіндіре алады деп сенеміз - Иран

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сейед Расул Мусавидің айтуынша, бүгінде Сириядағы қақтығыстардың неден туындағанын дұрыс жеткізу керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Таяу Шығыстағы мәселелер, соның ішінде Сирия дағдарысы талқыланған болатын. Сондай-ақ сүнниттер мен шейіттер арасындағы қақтығыстар жайында да айтылды. Менің айтпағым, бізге осы шиеленістердің шешімін табу қажет. Ол үшін барлығына терроризмнің дінге ешбір қатысы жоқ екенін түсіндіруіміз керек. Террористік ұйымдардың дінаралық қақтығыстардан бөлек екенін әлем қауымдастығына жеткізген жөн. Осы мәселеге қатысты Иранның нақты ұстанымы бар. Сондықтан келесі жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде өз қызметіне кіріскенде Сирияда болып жатқан процестерге дұрыс анықтама жасайды деп сенеміз», - деді Сейед Расул Мусави Астанадағы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» тақырыбындағы xалықаралық конференцияда.

Айта кетейік, бүгінгі конференция барысында депутат Мәулен Әшімбаев Орталық Азияның жеке интеграциялық ұйымын ашуды ұсынды. 

Бұдан бөлек, ол қазіргі санкциялық соғыстар мен державалар арасындағы текетіресті ескере отырып, еліміздің сыртқы саясатын өзгерту керек деп санайды.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақты жабық ұйым ретінде емес, ашық құрылым ретінде дамыту қажет. Осы орайда депутат Қазақстанның ЕАЭО-ның Қытаймен жақындасуына өз септігін тигізе алатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар