БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға қосымша санкция салуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бастамасымен 26 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Солтүстік Кореяға қатысты қосымша санкция салуға дауыс беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ үкіметі халықаралық қауымдастықты Солтүстік Кореяның соңғы зымыран ұшыруын аймақ пен әлемге қауіп төндіреді деп айыптауға қосылуға шақырды.

Нью-Йорктегі осы сессияда вето құқығы бар кеңес мүшелері Қытай мен Ресей Пхеньянға салынатын санкцияларды күшейтуге қарсы дауыс беруі мүмкін деген болжам бар.

Солтүстік Корея осы жылдың 25 мамырында үш баллистикалық зымыран ұшырды, оның бірі - құрлықаралық.

Бұл - биылғы 17-ші және жыл басынан бергі құрлықаралық зымыранның үшінші сынағы болды.


Соңғы жаңалықтар