БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі: Қазақстан бітімгерлік операцияларды талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстанның басқа да мемлекеттермен БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысу туралы алдын ала уағдаластықтары бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, 10-14 қыркүйек аралығында Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде өтетін бірқатар шараларға қатысады. Соның бірі - бітімгершілік реформаға арналған отырыс.

«12 ыркүйекте Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бітімгершілік реформасы жөніндегі отырысына қатысады. Оның аясында бітімгершілік операциялардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады деген жоспар бар. Аталған отырыста Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының бейбітшілік операцияларды қолдау жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа баяндама жасайды. Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың қазан айының соңында Қазақстан Үндістанмен бірге Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштеріне 120 әскери қызметкерін жолдайды. Сондай-ақ, басқа да мемлекеттермен БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысу туралы алдын ала уағдаластықтар бар. Қазіргі кезде құқықтық аспектілер зерделенуде», - деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, брифинг кезінде А.Смадияров Литвада мас күйінде ұсталған елшілік қызметкері туралы айтып берді.  Сондай-ақ, Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар