БҰҰ қағидаттарын қолдаймыз - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан БҰҰ қағдиаттарын қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы көптеген тегеуірінді сәтті шеше алды. БҰҰ командасымен бірге түрлі салада 400-ден астам жоба жүзеге асырылды. Қазір бізде болашаққа арналған мұнан да өршіл жоспарлар бар. Бұл болашақтағы ынтымақтастығымыздың мұнан арғы келешегіне өте жарқын индикатор қызметін атқара алады. Қазақстан еліміз үшін де, сонымен бірге өңір мен жалпы әлем үшін барынша қауіпсіз болашақ құру жолында БҰҰ-мен белсенді ынтымақтастықты жалғастыратын болады. Біз БҰҰ жарғысында жазылған қағидаттарды белсенді түрде қолдаймыз», - деді Қайрат Омаров елордада «Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына 30 жыл және БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Тұрақты даму ынтымақтастығы шеңберінің Басқарушы комитеті» тақырыбында өткен іс-шара барысында.

Министрдің бірінші орынбасары БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі мен оның командасына еліміздегі жүйелі реформаларды шешуге көрсеткен үнемі қолдауы үшін ризашылық білдірді.

«Біз БҰҰ-ның Қазақстандағы 30 жылдығын атап өтуге қуаныштымыз. БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмысы соңғы отыз жылда үлкен жолдан өтті және біз елдің дамуын қолдауда қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Алдағы жылдарда біз басқару мен заң үстемдігін нығайту, тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесу, адам әлеуетін нығайту, гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуді қоса алғанда, бірнеше негізгі бағытқа назар аударамыз. Күшті біріктіріп, Қазақстан халқының жарқын болашағын құра аламыз деп сенеміз», - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.


Соңғы жаңалықтар