БҰҰ Израильден Палестинада қоныстардың құрылысын тоқтатуды талап етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 23 желтоқсан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израильден Палестинада басып алынған аумақтардағы қоныстандыру қызметін тез арада доғаруын талап ететін қарар қабылдады. Құжатты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің 14-і қолдады. АҚШ делегациясы дауыс бермеді, деп хабарлайды Вести.ру.

Қабылданған қарарда атап өтілгендей, басып алынған аумақтарда Израильдің қоныстарды салуы халықаралық құқықты бұзып, қақтығыстарды ретке келтіруде кедергі келтіреді. Құжат бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды ТАСС.

Премьер Биньямин Нетаньяхудың ресми өкілі Офир Гендельман Израильдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қоныстандыру туралы қарарын орындамайтынын мәлімдеді.

«БҰҰ ҚК қарарына Израильдің жауабы: Израиль БҰҰ-ның Израильге қарсы масқара қарарын қабыл алмайды және бұл ережені орындамайды», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасына.

1967 жылы Израиль Иорданның батыс жағалауын өз бақылауына алғаннан кейін, бұл аумақта 120-ға жуық елді мекендер салынды. Сонымен қатар, тіпті Израиль билігінің пікірінше, 100-ге жуық заңсыз елді мекендер қоныстандырылды. Ол жерлерде барлығы 600 мыңға жуық израильдік өмір сүруде. 

Соңғы жаңалықтар