Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 23 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

БҰҰ-ға мүше елдер тарихи шарт мәтініне уағдаласты

2018 жылғы 14 шілде 12:02 374
Бөлісіңіз:
БҰҰ-ға мүше елдер тарихи шарт мәтініне уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымында Қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қон туралы жаһандық шарттың соңғы мәтінін келісу бойынша консультация табысты аяқталды. Бұл жайында Нью-Йорктегі Ұйым штаб-пәтерінде сөз сөйлеген БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы Мирослав Лайчак жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «БҰҰ жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Мирослав Лайчактың айтуынша, осы жылдың желтоқсан айында ресми түрде қабылданатын шарт көші-қон ағынын қысқартуды немесе кеңейтуді қарастырмайды. Онда шынайы жағдай көрсетілген.

«Шарттың әлеуеті өте зор. Ол әрекет ету режімінен белсенді қатысу режіміне көшуге мүмкіндік береді. Ол көші-қон басымдықтарын пайдалануға мүмкіндік беріп, аталған процесс барысында туындайтын тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Ол ынтымақтастық үшін жаңа тұғырнама құрады. Ол адам құқығын сақтау мен мемлекет егемендігін қамтамасыз ету арасындағы алтын аралықты табуға көмектесетін қорға айнала алады», - деді   БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы.

Соңғы деректерге қарағанда, аталған келіссөздер басталған сәттен жарты жыл бұрын 2098 мигрант, оның ішінде 400 бала қаза тапқан. Бұл статистикалық дерекке адам саудасымен айналысатындардың тұтқынына айналған қыздар мен әйелдердің тағдыры қосылып та отырған жоқ.

«Дәл қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі мыңдаған босқын денсаулығы, қауіпсіздігі және өз отбасының әл-ауқаты үшін алаңдаулы», - деді Лайчак.

Оның пайымынша, халықаралық қоғамдастық аталған адамдардың тағдырына қамқор болуы тиіс.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Көші-қон туралы жаһандық шарттың келісілгеніне қолдау білдірді.

«2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртіп ұстанымдары мен Нью-Йорк декларациясының ережелеріне негізделген бұл шарт барлық мемлекеттердің игілігі үшін халықаралық көші-қонның барлық аспектілерін басқаруды қарастыратын бірінші жаһандық шарт болып отыр. Онда әрбір адамның қауіпсіздік, лайықты өмір сүруи және қорғаныста болу құқығы мойындалады», - делінген БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемесінде.

 

 


Басты сөздер: БҰҰ, Адам құқығы,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат