+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

БҰҰ елдерінің жастарымен бірлесіп экологиялық акция өткізуді ұсындық - Аида Балаева

2021 жылғы 8 сәуір 16:15
Бөлісіңіз:
БҰҰ елдерінің жастарымен бірлесіп экологиялық акция өткізуді ұсындық  - Аида Балаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 7-8 сәуірде онлайн форматта БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің Х Жастар форумы (ЭКОСОС) өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприцке алаңдаушылық білдірді Батыс Қазақстанда 2,5 тонна балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды Аида Балаева: Вакцинация - вирусты жеңудің жалғыз жолы

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның негізгі тақырыбы – «Тұрақты дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілеріне ықпал ететін COVID-19 пандемиясынан кейінгі тұрақтылық пен өмірге төзімділікті қайта қалпына келтіру».

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің бейнеүндеуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында айтқан Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.

Сондай-ақ, АҚДМ басшысы 2021 жылы экологиялық ағарту саласында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

«Елдің тұрақты дамуының маңызды негізі қоғамның экологиялық сауатын арттыру, қоғамның экологиялық мәдениеті болып табылады. Министрлік 2021 жылы БҰҰ елдерінің жастарын тарта отырып, «Таза планета» бірлескен экологиялық акциясын өткізуді ұсынады», — деді А.Балаева.

Сонымен қатар, министр өзбек тарапының БҰҰ алаңында жастар мәселелері бойынша достастық тобын құру және БҰҰ-ның жастар құқықтары туралы халықаралық конвенция жобасын ілгерілету туралы бастамасын Қазақстан қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, ECOSOC Жастар форумы - жастардың өміріне әсер ететін проблемаларды шешу мәселелері бойынша мүше мемлекеттер мен бүкіл әлемнің жас көшбасшылары арасындағы ашық диалог үшін құрылған жаһандық алаң болып табылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT