БҰҰ ДБ Қазақстанды даму деңгейі ең жоғары елдердің қатарына қосты

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Норвегия, Швейцария, Аустралия, Ирландия мен Германия - елдері әлемдегі адами капиталы ең жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің осы бестік көшін бастайды. Аталмыш рейтингте АҚШ 13-ші, ал Ресей 49-шы орында тұр. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының  (БҰҰ ДБ) адам әлеуеті туралы баяндамасында жария етілді. Баяндама бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш құжатта 189 мемлекет бойынша рейтинг жасалған. Мемлекеттердің рейтингінің негізгі өлшемі - өмір сүру ұзақтылығы, оқытуды жалғастыру және жан басына шаққандағы ішкі ұлттық табыс болған. Сонымен бірге, әлеуметтік қорғалу деңгейі, денсаулық бойынша көрсеткіш және халықтың мәдени дамуы, гендерлік теңдігі, қылмыс көрсеткіші, қоршаған ортаны қорғау, азаматтардың маңызды шешім қабылдаудағы рөлі есепке алынған.

Осы жылы адами капиталдың дамуы тұрғысынан ең жоғары бағаға ие болған топтың ішіне 59 мемлекет енді. Олардың қатарында Ресей 49 орыннан көрінсе, Беларусь 53-ші, ал Қазақстан 58-ші орынға тұрақтаған.

2012-2017 жылдар аралығында рейтингтегі басым өсімді Ирландия көрсеткен. Ол 13 орынға көтерілсе, рейтингте көрсеткіші жақсарған елдердің қатарына сондай-ақ Түркия, Доминикан Республикасы мен Ботсвана енген.

Грузия адами капиталдың даму рейтингінде 70-ші орыннан көрініп отыр. Сол секілді Әзербайжан 80-ші, Армения 83-ші, Украина 88-ші, Өзбекстан 105-ші, Түрікменстан 108-ші орынға жайғасқан. Бұл мемлекеттер дамудың жоғары деңгейіне ие мемлекеттер саналады. Ал Молдова мен Тәжікстан дамуы орташа елдердің ішінен көрінсе, Нигер, Орталықафрикалық Республика, Оңтүстік Судан, Чад пен Бурунди аталмыш рейтингте соңғы орындарда қалған.

Баяндамаға сәйкес Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жас болса, Беларусь пен Грузияда 73 жас, Әзербайжан мен Украинада 72 жастан сәл жоғары болса, Ресейде 71 жас. Білім туралы айтар болсақ, посткеңестік елдерде орташа есеппен 12-15 жыл оқу оқиды. Ал норвегиялық жасөспірімдер мен жастар 18 жылға дейін оқитын болып шықты. Ал Оңтүстік Суданда бұл көрсеткіш тек бес жыл ғана болып шықты.

«Орташа есеппен адами капиталының дамуы төмен деңгейлі мемлекеттерде адам 60 жас өмір сүреді. Ал дамуы ең жоғарғы мемлекетте адамдар 80 жасқа дейін өмір сүреді. Сол секілді дәулетті елдерден қарағанда дамуы баяу елдерде бала бар болғаны орташа есеппен 7 жыл ғана білім алады», - дейді БҰҰ ДБ Әкімшісі Ахим Штайнер.

Соңғы жаңалықтар