БҰҰ-дан бізге Мәсімов туралы ресми ұсыным түскен жоқ – Бас прокурордың орынбасары

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Кәрім Мәсімовтыің ұсталуына байланысты БҰҰ-ның мәлімдеме жариялауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріккен ұлттар ұйымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жарияланғаны хабарланды. Бас прокуратура бұл мәселе бойынша не дейді ?», - деп сұрады журналист Сенат кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары ондай мәліметті әлеуметтік желіден көргенімен, органға ресми ұсыным келмегенін атап өтті.

«Мен оны әлеуметтік желіден көрдім. Бірақ жұмыс ұсынымдарын әлі көрген жоқпын. Біздің Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс істейміз. Сол ұсыным бойынша кейін шешім қабылданады», - деді Әсет Шындалиев.


Соңғы жаңалықтар