БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Елбасы әлемнің әрі қарай даму тұжырымдамасын ұсынды - Ғ.Мұтанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БҰҰ БА 70-сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде әлемнің әрі қарай даму тұжырымдамасын ұсынды. Осындай пікірімен бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы Ғалым Мұтанов бөлісті.

«Уақыт жылдам өтіп жатыр. 2045 жылы БҰҰ 100 жылдығы аталып өтіледі. Бір ғасырға жуық уақытта БҰҰ-ның рөлі, әлемнің келбеті қандай болады? Осы сұраққа мемлекет басшысы нақты ұсыныстар мен жобалар ұсынды. Атап айтқанда, 2045 жылға дейін БҰҰ дамуының жаһандық тұжырымын дайындау ұсынылды. Ертеңгі уақытқа көз жүгіртіп, жер ғаламшары қалай болады деген сұраққа жауап беріп, дамудың жаңа трендін көрсетті. Бұл менің ойымша үлкен көрегендік пен елдің болашағына деген алаңдаушылықты білдіреді. Елбасы әлем елдерін жаңа бағыттағы даму жоспарын бірігіп жасауға шақырды. Бұл жерде әр елдің, әр мемлекеттің жауапкершілігі жоғары болуы керек», - деді Ғ.Мұтанов.

Сарапшы Мемлекет басшысы көтерген БҰҰ жаһандық кеңесін құру туралы бастаманың өте өзектілігін атап өтті.

«Атқарушы орган ретінде бұл кеңес жүйелі түрде жұмыс жүргізетін орган болатынын дәлелдеп берді. Елбасы көтерген аса маңызды мәселелердің бірі, еліміздің қазіргі жинаған тәжірибесін адамзат дамуына ұсынатын бірнеше нақты жоба бар. Ол - жалпы көлемі, зардабы жағынан ірі қару ядросыз әлем. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік кезіндегі аса озық үлгісі деуге болады. Қазақстан мемлекеттер арасында бірінші болып жаппай қырып-жою қаруынан бас тартты. Өз өміршеңдігін жоғалтпайтын тағы бір нақты жоба - «Экспо-2017». Соның негізінде ауқымды инвестицияны жасыл технологияның дамуына бағыттайтын орталық құру ұсынылды. Бұл тек мемлекеттік емес, әлемді дамытуға керекті өміршең әрі жақсы жоба. Мемлекет басшысының лаңкестікпен күресте жаһандық желі құруды ұсынғаны өте өзекті мәселе. Осындай желінің арқасында локалды қақтығыстарды сол жерде дамытпай шешуге болатынын айту керек», - деді ол.

Ғалым Мұтановтың пікірінше, «Жаңа болашақ» үлкен тұжырымдаманың алғашқы қадамы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар