БҰҰ-да Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес жаңа мүшелері сайланды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас Ассамблеясы сәрсенбі күні 2021-2022 жылдардағы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес бес жаңа мүшесін сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Үндістан мен Мексика тиісінше 184 және 187 қажетті дауыс жинады.

Батыс елдері тобының арасында Норвегия мен Ирландия сәйкесінше 130 және 128 дауыс жинап, жеңіске жетті.

Ең күрделі дипломатиялық тартыс Африка елдері арасында болды. Мұнда жеңімпаз дауыс берудің екінші кезеңінде анықталады. Өйткені кандидаттардың ешқайсысы, атап айтқанда Кения мен Джибути (сәйкесінше 113 және 78 дауыс) тиісті дауысты жинай алмады. Еске сала кетейік, Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өту үшін кандидаттар Бас ассамблея делегаттарының 2/3 дауысын жинауы тиіс.

Әдетте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерін сайлау бір күн ғана өткізіледі. Бірақ бұл жолы коронавируске байланысты БҰҰ күніне бір-ақ рет дауыс беруді ұйғарды. Осылайша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің бесінші жаңа мүшесі ертең анықталады.

COVID-19 қаупіне байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясы өз тарихында ең ерекше дауыс беру рәсімін өткізді. Әр елден келген делегаттар Бас Ассамблеяның бос тұрған залына бір-бірден маскамен кіріп, содан кейін дауыс беріп, бірден БҰҰ штаб-пәтерінен шығып кетті.

Соңғы жаңалықтар