БҰҰ-да халықаралық түйіткілдер бойынша Қазақстанның ұстанымы таныстырылды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының жалпы пікірталас алаңында сөз сөйлеп, өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның бейбітшілікке деген принципті бейілділігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» соғысқа қарсы манифесінде көрсетілген», - деді министр. Қазақстан соғыс ешқашан проблемалардың сенімді шешімі бола алмайтындығына терең сенімді. Осы сенім негізінде және Сириядағы дағдарыстың шешімі ретінде жан-жақты ішкісириялық саяси реттеу болып табылады деген пікірге қосыла отырып, жанжалдасушы тараптар арасында сенім шараларын нығайту жөніндегі Астана процесі іске қосылды.

Қазақстанның пікірінше, БҰҰ платформасында көпжақты тұрғыдан жаңа әлемдік тәртіптің жалпы көрінісін талқылау қажет. Келіспеушіліктерді жеңу және БҰҰ Жарғысының құндылықтарына жалпыға ортақ міндеттемелерді растау маңызды.

«Бүгін жаһандық көшбасшылық және жауапкершілікті көрсету қабілеті көптеген қауіп-қатерлер арқылы күмән тудырады. Атап айтқанда, дәстүрлі және жаппай қырып-жою қаруын таратпау, терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс және трафиктің барлық түрлерінен бастап, азық-түлік, су, энергетика және денсаулық сақтау салаларында қауіпсіздіктің тапшылығына дейін. Адамның қадiр-қасиетін қорлайтын адам құқықтарын бұзудан, әсіресе әйелдер, жастар мен балалардың құқықтарын бұзу, бәрiне бірдей құрмет пен әдiлеттiң болмауына дейін. Қазақстан осы халықаралық проблемаларды шешуде алдыңғы қатарда қалу үшін, сондай-ақ оларға инновациялық шешімдерді іздестіру үшін бар күш-жігерін салуда», - деп атап өтілді баяндамада.

Қазақстан Бас хатшының БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздіктің архитектурасы, дамыту және басқару жүйесі саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің өзектілігі, ашықтығы, есеп беру міндеттілігі және түрлі дағдарыстарға жедел жауап беру тиімді қабілетін арттыру мақсатында аталған органның жұмыс әдістерін реформалауына қатысады.

«Біздің еліміз бітімгершілікті нығайту ісіне нақты және қолжетімді мандаттармен, жоғары білікті кадрлармен және жеткілікті ресурстармен ұмтылады. Біз бірлесіп орналастыруды қоса алғанда, серіктестік қатынастардың инновациялық формалары арқылы БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына үлесімізді арттырамыз», - деді министр. Сондай-ақ ол ядролық қарудан азат аймақтарды құрудың және олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өте келе, Президент Н. Назарбаевтың антиядролық бастамаларын іске асырылуы туралы айтты. Қазақстан Корея түбегінің ядролық қарусыздануын, Иран бойынша Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын тиісті түрде сақтап қалуды және жүзеге асыруды, Сириядағы химиялық қылмыстарды мұқият тергеуді, сондай-ақ химиялық терроризмнің алдын алуды қолдайды.

Министр сондай-ақ Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қойған мемлекеттерге алғысын білдірді. БҰҰ мүше-мемлекеттері 10-11 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезінің тұжырымдамасымен таныстырылды.

 

Соңғы жаңалықтар